El Úmiti кәсіби бірлестігі

Еl Úmiti  кәсіби бiрлестiгi - тәжірибе алмасу, өзекті мәселелерді анықтау және кешенді шешімдерді әзірлеу үшін әртүрлі салалардың сарапшыларын біріктіретін онлайн-алаң

Бірлестіктің басты мақсаты – кәсіби-қатынастарды жақсарту арқылы мамандардың тәжірибе алмасып, жеке тұлға ретінде дамуына және кәсіби шындалуына жағдай жасау.

El Úmiti кәсіби бірлестігінің қағидаттары:

  • Қатысушылар кәсіби бірлестік жұмысына ерікті түрде ғана ат салысады. Және бұл шешім олардың жеке мүддесіне негізделеді;
  • Бірлестік – дәстүрлі құрылымдар мен ұйымдардан бөлек жұмыс жасайтын бейресми ұйым;
  • Бірлестіктің форматы мен жұмыс жасау әдісі әр жағдайда әр қалай. Бірлестіктің кездесулерді офлайн және онлайн түрде өткізуге, білім беру процесін ұйымдастыруға және қызықты материалдарды жария етуге мүмкіндігі бар;

Кәсіби бірлестікке қатысудың артықшылықтары:

  • Өзіңді кәсіби тұрғыдан дамыту мүмкіндігі;
  • Тың трендтер мен соңғы жаңалықтардан хабардар болу;
  • Гранттар, тәжірибе алу, жұмыс іздеу, іскерлік ынтымақтастық сынды қосымша кәсіби мүмкіндіктердің қол жетімділігі;
  • Өз ойыңмен бөлісіп, тілектес адамдарды табу мүмкіндігі;
  • Кәсіби байланыстарды нығайту мүмкіндігі;

Кәсіби бірлестік қызметінің өнімі – деп ұйым қызметінің тиімді нәтижелері – оның белсенділігі, түрлі шаралардың ұйымдастырылуы және білім базасының дамуы деп айтуға болады. Кей жағдайда қоғамдастық қатысушының мүддесін мемлекеттік органдарда қорғай алады және заң жобасын әзірлеу жұмысына қатысады.  Ішкі немесе жобалық бірлестіктер  кейсті талдау, тәжірибе базасын құру сынды нақты мәселенің шешімін табатын қызметтерді атқарады.  

Жабу