El Úmiti кәсіби бірлестігінің ережелері

El Úmiti кәсіби бірлестігі – тәжірибе алмасу, өзекті мәселелерді анықтау және кешенді шешімдерді әзірлеу үшін әртүрлі салалардың сарапшыларын біріктіретін онлайн-алаң.

Кәсіби бірлестік негізі – қатысу ерікті түрде болуы шарт. Және өзекті тақырып қатысушылардың жеке басының мүддесі болуы керек.

Кәсіби бірлестік жұмысы өзекті мәселелерді талқылауға, пікір алмасуға, шешім шығару үшін қосымша мүмкіндіктер қарастыруға, туризм, мәдениет және спорт, білім беру, медия индистриясы, барлау, су ресурстары, өнеркәсіп және құрылыс салаларына қажетті шешімдерді бірлесіп әзірлеуге бағытталған.

Кәсіби бірлестікте тыйым салынады:

  • Теріс пиғылдағы мазмұнды жасауға;
  • Дөрекі сөйлеуге;
  • Бір нәрсе сату/сатып алу және басқа да коммерциялық қызмет жүргізуге;
  • Терроризмді, зорлық-зомбылықты, кісі өлтіру және басқа да қылмыстарды насихаттауға;
  • Адамдарға, компанияларға, мүлікке немесе жануарларға қарсы бағытталған белгілі бір қылмыстық немесе зиянды іс-әрекеттерге ықпал ету, сондай-ақ осындай іс-әрекеттерді ұйымдастыру және насихаттау, не болмаса оларды жасау туралы мойындауға;
  • Теріс пиғылды пайда табу үшін пайдаланушыларды алдауға немесе басқа адамдардан ақша, мүлік немесе заңды құқықтардан айыруға бағытталған мазмұн құруға;
  • Қылмыстық әрекеттерге, кісі өлтіруге, денесіне зақым келтіруге итермелейтін контент;
  • Зорлық-зомбылықты суреттейтін және соны насихаттайтын контент;
  • Озбырлық ретінде сараланатын сөздер, өйткені олар көңілге қорқыныш ұялатады, ал кейбір жағдайларда зорлық-зомбылықты тудыруы мүмкін.  Озбырлық ретінде сараланатын сөздер деп біз адамдарға олардың нәсілдік немесе этникалық тиістілігімен, ұлттығымен, діни нанымымен, жыныстық бағдарымен,  жынысымен немесе гендерлік ұқсастығымен, сондай-ақ ауыр науқастануымен немесе мүгедектігімен орынсыз жасалған шабуыл деп түсінеміз;
  • Пайдаланушыларды жаңылыстыратын спам таратуға, алдамшы контент жасауға.

EL ÚMITI өркендеу онлайн платформасының модерациялау саясатына сәйкес біз тыйым салынған мазмұнды алып тастаймыз, аккаунттарды бұғаттаймыз және физикалық зиян келтірудің нақты қаупі немесе қоғамдық қауіпсіздікке тікелей қауіп бар деп есептесек құқық қорғау органдарымен ынтымақтасамыз

 

 

Жабу